Жаңалықтар тізбегі
0

"Ұлы дала жорығы" халықаралық марафон-бәйгесінде 10-нан астам елден келетін шабандоздар 500 шақырымға жарысады

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ақпарат берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2024 13:47 Сурет: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі
Қазақстанда 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында 2024 жылғы 3-7 қыркүйек аралығында алғаш рет "Ұлы дала жорығы" халықаралық марафон-бәйгесі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауқымды спорттық шараға 10-нан астам елден командалар қатысады деп күтілуде. Иран, Түркия, Венгрия, Қырғызстан, Оңтүстік Африка Республикасы Ресей Федерациясының және т.б. елдердің шнабандоздары дүбірлі додада бақ сынайтын болады.

Атап айтсақ, Қырғызстан құрамасы "Ұлы дала жорығына" қатысатын ең үздік аттарды іріктеу мақсатында көпкүндік ат спорты марафонын өткізді.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ақпарат берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2024 13:47

Сурет: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Қырғызстан Ат спорты федерациясының вице-президенті Манас Сұлтанов "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесіне шақыруды қабылдау үлкен мәртебе екенін айтты.

"Қазақстанда өтетін көпкүндік ат жарысына дайындық аясында 300 шақырымдық қашықтыққа "Кочмондор журушу" іріктеу марафоны өтті. Барлық командаларға сәттілік тілеймін және жеңімпаздардың көп болуын қалаймын. Ең төзімді және жылдам сәйгүліктер жеңіске жетіп, тұғырдан көрінетініне сенімдімін", - деді М.Сұлтанов.
ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ақпарат берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2024 13:47

Сурет: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Марафон-бәйге 5 мың жылдан астам бұрын адам баласы жылқы малын алғаш рет қолға үйреткен Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекенінде 3 қыркүйекте бастау алады.

"Ұлы дала жорығына" Кабардин-Балқар Республикасының құрамасы да қатысуға дайындалуда. "АМД Кавказ" ат спорты клубының негізін қалаушы Ахъед Махов қазақстандық ат жарысына қатысуға шақырту алғанын айтты.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ақпарат берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2024 13:47

Сурет: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

"Марафон-бәйгенің бүкіл адамзат үшін киелі мекен саналатын Ботай қонысынан басталуы ерекше маңызды. Біздің команда аңыздар мен тарихи жәдігерлерге толы Ботай жеріне баруға ерекше ынталы. Олай болса, күт бізді, Қазақстан!", - деп атап өтті А.Махов.

Ат жарысы елорда - Астанада 7 қыркүйекте аяқталады.

Оның жеңімпаздары 8 қыркүйекте өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысады.

"Ұлы дала жорығы" – жылқы баласының ең мықты тұқымы анықталатын далалық лабороториясы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: