Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық азамат бас прокурордың наразылығынан кейін ақталды

Қазақстандық азамат бас прокурордың наразылығынан кейін ақталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2024 10:21 Сурет: Zakon.kz
Бас прокурордың наразылығынан кейін Қазақстан азаматы ақталды. Үкім туралы мәліметтерді Zakon.kz сайтына департаменттің баспасөз қызметі 2024 жылдың 29 шілдесінде жариялады.

Қостанай облысы Алтынсарин аудандық сотының апелляциялық сот алқасы өзгеріссіз қалдырған үкімімен Кенжеғарин ҚК-тің 190-бабының 1-бөлігі бойынша алаяқтық жасағаны үшін 1 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Атап айтқанда, Кенжеғарин Қостанай облысы Алтынсарин ауданының заңдастыру комиссиясына құжаттарын тапсырып, Малая Чураковка ауылында орналасқан пәтерді заңдастырып, тіркеуге алған.

Кейін заңдастыру туралы шешім Қостанай облысының апелляциялық сотымен заңсыз деп танылды, өйткені Кенжеғарин комиссияға пәтерді сатып алу туралы жалған ақпарат берген.

Аталған сот шешімі Кенжегаринді алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болды.

"Шын мәнінде, іс бойынша жауап алынған куәлар пәтерді 1997 жылы бұрынғы иесі Кенжеғаринге 100 мың теңгеге сатқанын растаған. Кенжеғарин куәлардың көзінше ақшаны қолхатсыз тапсырған. Сатушыда пәтердің өзіне тиесілі екенін растайтын құжаттары болмаған, өйткені ол да оны бұрынғы меншік иесімен ауызша келісім негізінде алған. Мұндай жағдайда Кенжеғарин азаматтық сотқа шағымдану арқылы мәмілені орындалды деп тану арқылы пәтер иесімен мәселені шешуі керек еді." Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Осылайша, Кенжеғариннің әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері жоқ, өйткені оның алаяқтық ниеті болмаған.

Жоғарғы сот Бас Прокурордың Кенжеғарин мен пәтер сатушысы арасында азаматтық-құқықтық қатынастар туындағаны, ол қылмыстық қудалауды болдырмайды деген наразылық уәждерімен келісті.

Бас прокурордың кассациялық наразылығы бойынша Жоғарғы Сот Кенжеғаринді ақтады.

Жалпы, бірінші жартыжылдықта Бас прокурордың кассациялық наразылығы бойынша 4 адам ақталды.

Сондай-ақ жазаны жеңілдету, әрекеттерді қайта саралау, түзеу мекемесінің режимін жеңілдету арқылы 82 адамның жағдайы жақсарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: