Абай облысында жасөспірімнің телефонын тартып алған күдікті ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2024 09:43 Сурет: ҚР ІІМ
Семей қаласы полиция басқармасының "102"арнасына жергілікті тұрғын белгісіз біреу кәмелетке толмаған ұлынан телефонын күшпен тартып алғаны туралы өтініш білдірді.

Күдіктіні ұстау мақсатында полицейлер жақын маңдағы барлық аумақтарды мұқият тексеріп, куәгерлерден сұхбат алып, басқа да қажетті шараларды өткізді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні "ізін суытпай" ұстады.

Ол Курчатов қаласының 33 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында күдікті жасөспірімді ауладан байқап, телефонды күшпен алып, қылмыс орнынан қашып кеткені анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: