Павлодарда әйел адамды көшеде пышақтап кетті

Павлодарда әйел адамды көшеде пышақтап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2024 18:40 Сурет: pexels
Зардап шеккен адамды көшеде пышақтап кеткені туралы ақпарат пен оқиға орнынан түсірілген фото әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту сағат 19:53-те түскен. 

1988 жылы туған әйел адам мойын жарақатымен Ғалым Сұлтанов атындағы клиникалық ауруханаға жеткізілді. 

"Кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында әйел адамда кеуде қуысының пышақ жарақаты, күретамырдың зақымдануы анықталғанын хабарлады. Операция жасалғаннан кейін хирургия бөліміне ауыстырылған. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: