Павлодарда екі әйелді пышақтап кетті деген ақпарат тарады

Павлодарда екі әйелді пышақтаған туралы ақпарат фейк болып шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2025 19:13 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде Днепропетровская көшесінде екі ер адам екі әйелді пышақтағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Хабарламада әйелдер қатты жарақат алған деп жазылды. Алайда облыстық полиция департаменті бұл оқиғаның шындыққа сай келмейтінін айтты. 

"Шақыру орнында полицейлер ер адам қонақта болған кезде шыны есікті жұдырықпен ұрып, қолын кесіп тастағанын анықтады. Содан кейін ол медициналық көмекке жүгінді", - деді департаментте.

Ведомствода тұрғындарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі аталмыш мекенжай бойынша қоңырау таңғы сағат 03:34-те түскенін мәлім етті. Бригада жарақат алған 23 жастағы жігітті Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: