Қауіпті! Алдағы күндері алматылықтарға тауға шықпау ескертілді
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК дауылды ескертуіне сәйкес, 31 шілде-1 тамыз аралығында Алматы қаласында және оған іргелес таулы жерлерде кейде қатты жаңбыр болжауына байланысты, беткейлік ағынының қалыптасуы және өзендерде су деңгейі көтеріледі. Сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Тау өзендері бойынша гидрометеорологиялық ақпаратқа сәйкес ("Қазгидромет" РМК 2024 жылғы 31 шілдедегі жаңбыр генезисінің сел қаупінің күнделікті Бюллетенінен Іле Алатау тауларында қатты жауын-шашынның болжамына байланысты сел қаупінің "қызғылт сары деңгейі" жарияланды.
Гидрометеорологиялық және сел жағдайының талдауына сәйкес, қатты жаңбыр жауған кезде сел құбылыстары болуы мүмкін.
Қазселденқорғау бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылаудың жеделдетілген режиміне ауыстырылып, аэровизуалды және жергілікті бақылау жүргізілуде, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.
"Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары: сел тасқынына қалып қалған жағдайда, құтқарылуға мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле-Алатау тауларына бармауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript