Алматы облысындағы елдімекендерді су басуы мүмкін екені ескертілді
Сурет: Instagram/dots_foto
"Қазгидромет" РМК 2024 жылдың 16-18 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы аймақтары мен тау етегінде жән Алматы қаласы маңындағы таулы аймақтарда су басу қаупі барын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін
"Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады", делінген хабарламада.
Айта кетсек, 16 мамырда еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт бұзылады деп болжанады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript