Алматы экономикасы тұрақты өсімді көрсетті

2024 жылдың бірінші тоқсанында Алматының жалпы өңірлік өнімі 4,7% өсіп, 5,3 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Алматының Экономика басқармасы хабарлады.
Көлік, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру, байланыс және сауда сияқты салалар өсімнің драйверлері болды.
Басқарманың мәліметінше, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 0,6%-ға өсіп, 102,4% көрсетті. 2024 жылы экономиканың өсімі 5,5% деңгейінде болады деп болжанып отыр.
Бұрын хабарланғандай, 2023 жылы Алматының ЖӨӨ 24,8 трлн теңге болды, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript