Алматы полициясы ата-аналарға үндеу жасады

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2024 13:26 Сурет: pixabay
Алматы полициясы балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының көбеюіне алаңдаулы.

Сондай-ақ балалардың тұрғын үйлердің терезелерінен құлау деректері де көбейген.

Жыл басынан бері Алматыда осындай 13 оқиға тіркелді, өкінішке қарай, оның 7-уі өліммен аяқталды.

Сонымен қатар жаз басталғаннан бері суға түсу үшін жабдықталмаған жерлерде үш кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім суға батып кеткен.

"Осыған байланысты, Алматы полиция департаменті ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға, көпқабатты үйлердің терезелеріне тосқауыл орнатуға, терезе маңына жиһаз бен тұрмыстық заттарды қоймауға шақырады. Заңда балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етпегені үшін жауапкершілік қарастырылғанын естеріңізге саламыз!, – деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: