31 шілдедегі саудада доллар арзандады

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2024 16:10 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 31 шілдеде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттықты жапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,21 теңгеге төмендеп, 473,95 теңгені құрады.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 65,40 теңгеге дейін төмендеді (-0,03).

Ақша айырбастау орындарында доллар 474,3-476,3 теңгеге, еуро 512,5-516,5 теңгеге, ресей рублі 5,33-5,45 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 31 шілдедегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қазан айындағы Brent фьючерстерінің құны 2,02%-ға өсіп, барреліне $79,65 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстерінің қыркүйек айындағы бағасы 2,21%-ға қымбаттап, барреліне 76,38 долларды құрады.

Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамын 475,37 теңге, еуроны 514,97 теңге, рубльді 5,51 теңге деп белгілеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: