Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда заңсыз таунхаусты бұзуға кірісті

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы "Шұғыла" шағын ауданындағы Жүнісов көшесі, 135/20 учаскесінде орналасқан нысанның бұзылғаны туралы хабарлайды., сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2024 16:36 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы "Шұғыла" шағын ауданындағы Жүнісов көшесі, 135/20 учаскесінде орналасқан нысанның бұзылғаны туралы хабарлайды.

Тұрғындардың өтініші негізінде меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында таунхаустың рұқсат беру құжаттарының толық пакетінсіз, шаруашылық тәсілмен тұрғызылғаны анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша ұйғарым беру арқылы әкімшілік шаралар қабылданды, оны меншік иесі өз кезегінде орындамады. Басқарма Наурызбай аудандық сотына нысанды бұзуға талап арыз берді. 2024 жылғы 2 ақпанда басқарманың талап-арыздары қанағаттандырылды.

Бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 41 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", "KHAN", "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: