Қазақмыс өндірістің тиімділігі үшін жаңа жүйелерді қалай енгізіп жатыр

Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы ғылыми шешімдер: Қазақмыс өндірістің тиімділігі үшін жаңа жүйелерді қалай енгізіп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2024 13:33 Сурет: kazakhmys.kz
Қазақмыс ел ғылымын дамытуға қолдау көрсетуді, өз кәсіпорындарына үздік инженерлік және IT жобаларды енгізуді жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

30-31 шілдеде TechGarden-нің 15 IT-резиденті "Нұрқазған" кенішіне барды. Сапар барысында қатысушылар Қазақмыстың бизнес-міндеттерімен танысып, өндірістік үдерісті жақсарту үшін ғылыми-цифрлық және техникалық шешім ұсынды.

Тур қорытындысында өндірістің тиімділігін арттыруға, қауіпсіздік техникасын, экологиялық бақылау мен өнім сапасын жақсартуға бағытталған IT жобалар пулы қалыптасты.

Сурет: kazakhmys.kz

Бұған дейін Қазақмыс қолданысқа AG Tech және MRS-K компанияларының DMMS IT кешенін енгізді. Бұл бағдарламалық-аппараттық кешенді қазақстандық IT-компаниялар Қазақмыс мамандарымен бірлесіп әзірледі.

DMМS жүйесі жерасты радиобайланысын, персонал мен көліктің орналасқан жерін анықтауға және апаттық ескерту жасауға мүмкіндік берді.

Сурет: kazakhmys.kz

Сондай-ақ DMМS арқылы адамдарды қалың жыныс қабаттарынан іздеу мүмкіндігі пайда болды, бұл төтенше жағдай кезіндегі іздеу жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.

Сонымен қатар 16 қосымша модуль әзірленді. Олар бизнес-процесті цифрландыру мен Micromine тау-кен-геологиялық ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы тау-кен жұмыстарын жоспарлаудан бастап, тау-кен жабдықтарының және "Oracle HR" жұмысының мониторингін сондай-ақ тау-кен жұмыстарының тиімділігін бағалауға дейінгі процестерді қамтиды.

Сурет: kazakhmys.kz

Осылайша өндіріске енгізілген ІТ шешімдер тау-кен және геологиялық барлау жұмысын жүргізетін қауіпті өндірістік нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: