Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаевты Конго президенті еліне шақырды

Президент кездесу өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2024 13:21 Сурет: akorda.kz
Қазақстан мен Конго президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Мемлекет басшысы Конго Президентінің қазақ жеріне алғашқы сапары екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.

"Біз Конго Республикасын Африка құрлығындағы маңызды серіктес ретінде қарастырамыз. Екі ел бір-бірінен қашықта орналасқан. Соған қарамастан өзара байланысты жан-жақты дамытуға мүдделіміз. Қазақстан мен Конго ынтымақтастығының әлеуеті өте жоғары. Әсіресе, сауда-экономика, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, тау-кен, өндіріс пен инвестиция, жаңа технологиялар мен ғарышты игеру бағыттары бойынша екі ел арасындағы ықпалдастықты жандандыру қажет. Бүгінгі қол қойылатын құжаттар саяси және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға тың серпін береді деп сенемін. Осы ниетіміздің айғағы ретінде біз Конгоға Елші тағайындаймыз", – деді Президент.

Дени Сассу-Нгессо Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конгоға дипломатиялық өкіл тағайындау туралы шешімі өзара ынтымақтастықты нығайта түсетінін айтты

"Шын мәнінде, Сіздің бұл шешіміңіз Қазақстан мен Конго арасындағы өзара ықпалдастықты дамытуға деген ұмтылысыңызды анық көрсетеді. Біз жүзеге асыруға келіскен жобалар бойынша екі ел үкіметтері бірқатар келісім әзірледі. Мұның екі елге де пайдалы болары сөзсіз. Кейінгі жылдары Қазақстан даму жолында зор табысқа жеткенін атап өткім келеді. Біз Сіздің еліңізбен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз", – деді Конго Президенті.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Конго серіктестігінің даму перспективаларын талқылады.

Атап айтқанда, тараптар сауда-экономика, энергетика, көлік-логистика, қаржы, цифрландыру, тау-кен өндірісі және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне айрықша назар аударды.

Келіссөз соңында Дени Сассу-Нгессо Қасым-Жомарт Тоқаевты Конго еліне сапармен келуге шақырды.

Бұған дейін Тоқаевтың баспасөз қызметі Ақордада Конго президентімен қалай кездескенін көрсеткен болатын.

Конго Президенті Қазақстанға 2024 жылдың 1 тамызында келді. Денис Сасу Нгуессоның елімізге ресми сапармен келетіні 31 шілдеде белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: