2 тамыздағы саудада доллар аздап арзандады
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 474,57 теңге (-0,16) болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,74 теңгеге дейін өсті (+0,14).
Ақша айырбастау орындарында доллар 474,1-475,9 теңгеге, еуро 512,5-516,5 теңгеге, ресей рублі 5,39-5,49 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте 2 тамыздағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қазан айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,70%-ға өсіп, барреліне $80,08 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 0,80%-ға өсіп, барреліне 76,92 долларды құрады.
Бұған дейін Ұлттық банк доллар бағамын 474,71 теңге, еуроны 511,74 теңге, рубльді 5,54 теңге деп белгілеген болатын.