Жаңалықтар тізбегі
0

Баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау - құжаттар тізімі

Детский сад, детский садик, дети, ребенок, детсад, няни, няня, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2024 17:25 Фото: pexels
ҚР Оқу ағарту министрлігі 2 тамызда баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін қандай құжаттар қажет екендігін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баланы мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін келесі құжаттар талап етіледі:

  • қабылдауға арналған жолдама;
  • өтініш;
  • қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) немесе электрондық құжаттар қызметінен цифрлық құжат;
  • баланың туу туралы куәлігі немесе электрондық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
  • № 065/е нысанындағы профилактикалық егу картасы;
  • № 052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
  • № 027/у нысанды анықтама;
  • психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін).
"Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау жыл бойы жүзеге асырылады. Астана, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Қостанай облыстарында балалардың мектепке баруына байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда топтарды жасақтау аяқталды. Өзге өңірлерде бұл жұмыс тамыз айының соңына дейін жалғасады". ҚР Оқу ағарту министрлігі

Кезекке қою, құжат қабылдау және жолдама беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерді жергілікті атқарушы органдар электрондық үкіметтің веб-порталы немесе ақпараттандыру объектілері арқылы көрсетеді.

Елімізде 11,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, балаларды қамту деңгейі 91,5%-ды құрайды. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін ағымдағы жылдың соңына дейін 77 мыңнан астам жаңа орын ашу жоспарлануда.

2024 жылғы 16 шілдеде мектепке дейінгі білім берудің жаңа бағдарламасы әзірленгені хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: