Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте ер адам үш айлық қызы мен жүкті әйелін аяусыз ұрып-соққан

Шымкентте ер адам үш айлық қызы мен жүкті әйелін аяусыз ұрып-соққан, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2024 20:45 Сурет: otyrar
Шымкентте жантүршігерлік оқиға болды. 53 жастағы еркек үш айлық қызы мен әйелін сабап тастаған. Бүгінде сәби жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкентте 53 жастағы еркек 3 айлық қызы мен өзінен 30 жас кіші әйелін аяусыз ұрып-соққан. Бүгінгі таңда сәби балалар ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр. Ал 23 жастағы азаматшаның ішінде тағы 3 айлық баласы бар болып шықты. Дәрігерлер әйелге ми шайқалуы, ал бүлдіршінге бас миының жабық жарақаты деген диагноз қойған, деп хабарлады otyrar.kz.

"Әйелде бас миының жабық жарақаты. Миының шайқалуы. Қосымша 12 апталық жүктілігі бар. Қазіргі таңда бала реанимацияда. Жалпы жағдайы орта ауырлықта. Орта дәрежеде. Қойылған диагноз — бас миының жабық жарақаты. Сонымен қатар денесінде көгерулердің болуы". Бақытжан Абдуллаев, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Бүгінде күдікті ер адам қамауға алынған. Оның үстінен "Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Күдікті тұлға қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр".Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полиция қызметкерлері сараптама нәтижесі әлі шықпағанын айтты.

Күдіктінің баласы мен жүкті әйелін қанша уақыт және қалай соққыға жыққаны белгісіз. Ал жәбірленуші әйел болған оқиғаны айтып беруден бас тартты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: