Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да полиция 1,3 млн теңге қарызы бар борышкерді ұстады

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 10:43 Сурет: Zakon.kz
Бүгін "Suncar Smart Qorgau" автоматты жүйесі арқылы Hyundai автокөлігі тоқтатылды. Оның жүргізушісі облыс орталығының көшелерінде бірнеше рет жылдамдықты арттырған.

Орал қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушіні ұстады. Тексеру кезінде оның 53 рет жол ережесін бұзғаны анықталды.

Құқық бұзушы 2003 жылы туған Орал қаласының тұрғыны екені белгілі болды.

Негізінен заң бұзушылықтар жылдамдық режимінен асып кетумен байланысты болды. Айыппұлдың жалпы сомасы 1 миллион 300 мың теңгені құрап отыр.

Айта кету керек, жүргізуші айыппұл сомасының 50% төлеп, қарызды жеңілдетілген тәртіппен өтеуге құқылы. Қазіргі уақытта автокөлік арнайы автотұраққа қамалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: