Астана тұрғынын "бір сағаттық күйеу" тонап кетті

Астана тұрғынын "бір сағаттық күйеу" тонап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 22:10 Сурет: fishki
Астана полицейлері шақырту бойынша келіп, алтын бұйымдарды ұрлап кеткен электрикті анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға елорда тұрғынынан екі алтын сақинасының жоғалғаны туралы арыз келіп түсті.

Оның айтуынша, ол "бір сағаттық күйеу" қызметінен электриктің келіп, кеткенінен кейін мүліктің жоғалғанын анықтаған. Әйел электр плиткасын жөндеу үшін шеберді шақырған.

Шақыру бойынша келген электрик жұмысын аяқтап, қол жетімді жерде тұрған екі алтын сақинаны жасырын ұрлап әкеткен.

полиция қызметкерлері 23 жастағы қаскүнемді анықтады. Ол ұрланған зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізгенін және түскен қаражатты өз қалауы бойынша жұмсағанын мойындады.

Жас жігіттің бұрын осыған ұқсас құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған алтын бұйымдар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: