Астана маңында түлкі балықшыларды "алдап кетті"
Сурет: видео скрині
Астана маңында түлкі балықшылардың аулаған балығын ұрлап кетпек болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілерде балықшылардың бірі түсірген видео тарады. Кадрлардан айлакер түлкінің олжаға қол жеткізген сәтін көруге болады. Бұл көрініс көпшілікке "Түлкі мен қасқыр" ертегісін еске салды.
Видео авторы болған жайтқа күле қарап, жағдайды әзілмен қабылдады. Оның айтуынша, түлкі балықшылардың бір сәтке алаңдап қалғанын пайдаланып кеткен.
Видеоның нақты қай жерде түсірілгені айтылмайды, алайда жазбада оқиға Астана маңында болғаны көрсетілген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript