Ақтөбе облысында жол апатынын бес бала мен үш ересек қаза тапты: жұмыс тобы құрылды
"Бүгінгі "Самара-Шымкент" автожолында орын алған жол-көлік оқиғасының мән-жайын егжей-тегжейлі анықтау мақсатында Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасымен облыстық жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобына облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан жетекшілік етеді.
Қазіргі уақытта құрылған топ оқиға орнына шұғыл түрде жетті.
Еске салайық, бүгін 7 тамыз күні жылы "Самара-Шымкент" (Хромтау ауданының аумағы) халықаралық маңызы бар автожолының 862-шақырымында шамамен 10 сағат 10 минутта, "Тойота Ипсун" мен "МАН" жүк көлігінің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Тойота Ипсун" автокөлігінің жүргізушісі және оның 7 жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды, оның ішінде бесеуі - бала. Алдын ала мәліметтер бойынша, балалар мен ата-аналар футболдан жарысқа басқа облысқа баруды жоспарлаған. Аталған іс-шараны өткізуде және сүйемелдеу үшін мемлекеттік органдарға (білім бөлімі, Білім және полиция басқармасы) хабарланбаған. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, жол көлік оқиғасы себептері анықталып жатыр.