Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы спорт басқармасының басшысы Парижде қайтыс болды

Алматы спорт басқармасының басшысы Парижде қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2024 13:55 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Парижде Алматы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрлігі растады.

ҚР Туризм және спорт министрінің қоғам және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріптің айтуынша, ол түнде қайтыс болған.

Алдын ала себеп — жүрек талмасы.

Ол 36 жаста болған.

Ерден Хайруллин Алматы қаласының спорт басқармасын 2022 жылдан бері басқарып келген.

2012-2019 жылдар аралығында Алмалы ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2019-2022 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Zakon.kz редакциясы отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: