Қостанай облысында полиция бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады

Қостанай облысында полиция бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2024 18:34 Сурет: polisia.kz
Қостанай облысы ПД ҰҚҚІҚБ қызметкерлері Рудный қаласының аумағында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Рудный қаласының екі тұрғынына күш қолданып, моральдық қысым көрсеткен адамдар тобы автокөліктер, мотоцикл, қарда жүретін көлік, сондай-ақ iPhone 15 маркалы 5 телефон және ақша қаражатын бопсалағаны туралы ақпарат алынды. Осылайша олар жалпы сомасы 12 млн теңгеге материалдық шығын келтірді. 

Тінту барысында олардан: пышақтар, сигналдық тапанша, оқу гранатасы, автокөлік, ақша қаражаты және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: