Синоптиктер 10 тамызда еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында, 11 тамызда облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 10-11 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, 10 тамызда күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. 10-11 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Астанада түнде және таңертең найзағай күтіледі. Таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады түнде екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай. Облыстың оңтүстігінде, шығысында дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Шымкентте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батыс бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысының оңтүстік жартысында, орталығында, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысының және Алматы қ. таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік жартысында төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Алматыда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.