Қазақстанда бүгін Абай күні атап өтіледі

Қазақстанда 10 – тамызда Абай күні атап өтіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2024 09:11 Сурет: t.me/ortcom_kz
Бүгін, 10 тамыз – ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер Абай Құнанбайұлының туған күні, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.

Абай Құнанбайұлы - қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, композиторы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Қазақстандықтар оның поэмалары, өлеңдері мен аудармаларымен бала кезінен таныс.

Абай өзінің мағынасы терең және тілі бай шығармаларында адамдарды еңбекке, білімге, рухани дамуға шақырды.

Абайдың прогрессивті көзқарастары бүгінде ерекше өзектілікке ие, өйткені оның идеяларына гуманистік және ағартушылық сипаттар тән.

Абай 170-ке жуық өлең, поэма мен "қара сөздерін" жазып, 56 аударма жасады. Оның аудармаларының арқасында әлемдік әдебиет классиктерінің шығармаларын қазақ тілінде оқуға мүмкіндік туды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: