Алматыда Момышұлы көшесінің аумақтары уақытша жабылады

Алматыда Момышұлы көшесінің аумақтары уақытша жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2024 13:05 Сурет: pixabay
Алматыда Момышұлы көшесінің учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

1-учаске:

10 тамыз күні сағат 23:00-ден 12 тамыз күні сағат 11:00-ге дейін Рысқұлов даңғылынан Дарабоз шағын ауданына дейінгі аумақта қозғалыс жабылады.

Бұл аумақты Рысқұлов даңғылы және Ф.Оңғарсынова, Универсиадная, Мөңке би көшелері мен Ақбұлақ шағын ауданы арқылы айналып өтуге болады.

2-учаске:

12 тамыз күні сағат 23:00-ден 14 тамыз күні сағат 11:00-ге дейін Дарабоз шағын ауданынан Мөңке би көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Аумақты Рысқұлов даңғылы және Ф. Оңғарсынова, Универсиадная, Мөңке би көшелері мен Ақбұлақ шағын ауданы арқылы айналып өтуге болады.

3-учаске:

14 тамыз күні сағат 23:00-ден 16 тамыз күні сағат 11:00-ге дейін Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Бұл аумақты Талдыарал, Еспаев, Қ. Шәріпов көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Жөндеу жүргізілетін аумақтарда ескерту белгілері мен мердігер ұйымның жауапты тұлғасының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер орнатылады. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз".Алматы әкімдігі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: