Алматы мемлекеттік бюджетке түсетін түсім үлесін жарты жылда 27,5% арттырды

Алматы мемлекеттік бюджетке түсетін түсім үлесін жарты жылда 27,5% арттырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2024 10:21 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда жергілікті бюджеттің кірісі тұрақты түрде өсіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, биылғы бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бюджет түсіміндегі қаланың үлесі 27,5% өсті, деп хабарлайды шаһардың қаржы басқармасы.

Жергілікті бюджетке 23,1%-ға көп кіріс немесе 986 млрд теңге аударылды. Алматының 2024 жылға арналған бюджеті 183,5 млрд теңгеге өсіп, 1 807,6 млрд теңгеге жетті.

Бұған қоса, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 96,8 млрд теңге бөлінеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: