Астанада полиция құрылыс алаңынан ұрлық жасаған ер адамды анықтады
Сурет: ҚР ІІМ
Құрылыс алаңында жұмыс тоқтатылғаны анықталды. Меншік иесі жүйелі түрде тексеріс жүргізген, бірақ ұрлық болған күні нысан қараусыз қалған.
Ұзақ уақыт бойы аумақта ешқандай жұмыс жүргізілмейтінін байқаған күдікті контейнерге көзін салып, жоспарын жүзеге асыру үшін кран-манипуляторды жалға алған.
Осылайша, көлікті пайдалана отырып, аумаққа еркін кіріп, көлемі 40 тонна темір контейнерді шығарып, 2 млн 800 мың теңге материалдық шығын келтірген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 42 жастағы ер адамды анықтады.
Ол контейнерді 1 миллион теңгеге қайта сатқанын мойындады. Алынған айғақ заттар иесіне қайтарылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript