Грекиядағы өртті өшіру қиындап барады

Грекиядағы өртті өшіру қиындап барады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2024 12:58 Сурет: pixabay
Грекия астанасы Афины маңында орман өрті дес бермей жатыр. Жалынның тез тарауына аптап ыстық себеп.

Айналаны қою қара түтін басқан. Үйлер, ағаштар, көліктер өртенді. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Тілсіз жаумен күреске 400 маман, тікұшақтар мен ұшақтар тартылды.

Грекияда мамырдан бері жүздеген орман өрті тұтанды. Бұған климаттың өзгеруі, ыстық, әрі құрғақ ауа-райының жиі болуы себеп.

Еуропаның Испания, Италия, Франция сынды елдерінде де сынап бағанасы бүгін аптап ыстықты көрсетіп тұр, деп жазады qazaqstan.tv.

Испанияда ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілген. Тұрғындарға сақ болу туралы ескерту жасалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: