Полиция әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады

Полиция әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2024 18:59 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысы Сайрам ауданының полицейлері алаяқтық қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы ер азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арызданушылар Instagram әлеуметтік желісіндегі жалған интернет-дүкен парақшасы арқылы алданған.

Күдікті жігіт үй жиһазын жеткізетінін айтып, төрт бірдей тұрғынды алдап кеткен.

Онда жалған парақшасында жиһаз сатылып, жеткізетінін хабарлап, тұтынушыдан алдын-ала төлем жасауын сұраған. Ал ақшаны алғаннан кейін сол күйі кері байланысқа шықпаған.

Жәбірленушілерге 1 200 000 теңге шығын келген. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: