ШҚО-да қос азаматтығы бар тұрғын жауапқа тартылды

ШҚО-да қос азаматтығы бар тұрғын жауапқа тартылды  , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 13:36 Сурет: freepik
Заң бұзушы мемлекеттік қызмет көрсету барысында анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, осы жылдың мамыр айында Глубокое ауданының 21 жастағы тұрғыны Қазақстан Республикасына құжаттарын тапсырмай, Ресей азаматтығын алған.

Азаматтығын ауыстырғаннан кейін бір ай өткен соң бір жігіт ХҚКО-да орта білім туралы аттестаттың түпнұсқасын сұрату кезінде қазақстандық жеке куәлікті пайдаланған кезде заң бұзушылық белгілі болды.

Тәртіп сақшыларымен Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын тәркілеп, шетелдікке қатысты Қазақстан азаматтығынан айырылу тіркелді, азаматтың өзі 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ШҚО ПД көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салады және көші-қон заңнамасын қатаң сақтауды сұрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: