Жаңалықтар тізбегі
0

Олжас Бектенов қазақстандық фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемін ұлғайтуды тапсырды

Олжас Бектенов қазақстандық фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемін ұлғайтуды тапсырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 14:59 Сурет: primeminister.kz
Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысы барысында фармацевтика саласын дамыту және қазақстандық өндірушілерді қолдау бойынша бірқатар міндеттерді белгіледі.

Отандық фармацевтикалық өнім өндіру көлемі 95 млрд теңгеге жетеді. Ең көп таралған ауруларды емдеуге арналған 283 препарат кіретін негізгі дәрілік заттар тізбесіндегі 107 дәрі-дәрмек Қазақстан аумағында өндіріледі.

Бүгінгі таңда 35 отандық өндірушімен фармацевтикалық өнімнің 4 мың түрін жеткізуге 94 ұзақмерзімді шарт жасалды. 700 позиция жеткізілуде. Алдағы 3 жылда келісілген көлемге кезең-кезеңімен шығу жоспарланған, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Үкімет басшысы еліміздің дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін фармацевтика саласын тұрақты әрі сапалы дамытудың маңызын атап өтті.


"Осы жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің фармацевтика өндірісі 14,5%-ға ұлғайды. Алайда, саладағы әлеует бұдан әлдеқайда жоғары. Денсаулық сақтау министрлігіне осы көрсеткішті жыл соңына қарай одан әрі ұлғайтып, шығарылатын препараттардың көлемі мен тізбесін кеңейту жұмысын жүргізуді тапсырамын", — деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Премьер-Министр медициналық ұйымдарды электрондық форматқа көшіру арқылы фармацевтика өнімін сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: