Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысында иесіз иттер асыл тұқымды ешкілерді қырып кеткен

Маңғыстау облысында иесіз иттер асыл тұқымды ешкілерді қырып кеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 21:19 Сурет: pixabay
Мұнайлы ауданы, Батыр ауылдық округіндегі шаруа қожалығының иесі таңғы 4-5-тер шамасында қаңғыбас иттер қорадағы асыл тұқымды ешкілерін қырып кеткенін айтып, жәрдем сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Батыр ауылындағы Толқын 67 мекенжайында болған. Бейнежазба иесінің сөзінше, қаңғыбас 5 ит қораға кіріп, 26 бас асылтұқымды ешкісі мен 14 бас лағын қырып кеткен, деп хабарлады mangystaumedia.kz.

"Бұл асылтұқымды ешкілерді "Нұр капитал" бағдарламасымен несие алып бағып жатыр едім. Сол асыл тұқымды ешкілердің сүтін ауыратын үлкен кісілерге беріп, ірімшік, құрт, қаймақ өнімдерін қайнатып отыр едім. Бір жанұяны бағып отырған ешкілерімді қаңғыбас иттер екі сағатта қырып салды", - дейді кәсіп иесі Құмар Нұрпейісова Mangistau_story парақшасына қалдырған жазбасында.

Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Бекболат Қабатбаевтың айтуынша, жануарларды қорғау туралы заң шыққаннан бері бұл бағытта реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда зардап шеккен тарапты нақты қолдау шаралары әлі қарастырылмаған.

Бүгінде қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары кестеге сай және тұрғындардан түскен өтініштер негізінде жүргізіліп жатыр.

"Әкімдік шаруа қожалықтары мен тұрғындар үшін малды қараусыз қалдырмау, қоршауларды биік ету және тағы да басқа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді Бекболат Қабатбаев.

Сондай-ақ, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қазіргі уақытта кәсіпкер Құмар Нұрпейісова бизнесін қайта ашып, дамытуы үшін "Бір ауыл, бір өнім" бағдарламасына қатыса алатынын айтты.

"Сонымен қатар Нұр капитал бағдарламасы бойынша кредиттің қалған берешегі туралы мәселені қарастырып жатырмыз", - деді Мұнайлы ауданық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Бекболат Қабатбаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: