Атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз не және оны қазақстандықтардың қай санаты ала алады
Фото: Zakon.kz
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 70,2 мың отбасындағы 371,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 60,5 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы 15 тамызда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% — нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 тамызда АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 115,4 мың балаға 3,3 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және өзге де тәсілдер арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкімі сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Оқи отырыңыз
Бүгін - Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript