Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда қызын телефонмен ұрған тұрғынның әрекеті сотта қаралады

Павлодарда қызын телефонмен ұрған тұрғынның әрекеті сотта қаралады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2024 18:03 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда қызын телефонмен ұрған тұрғынның әрекеті сотта қаралады. Оқиғаға куәгер болған көршілер полиция шақырған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Аталмыш факт 27 шілде күні орын алған. Сыртқы бейнебақылау камерасына сомакат тізгіндеген кішкентай қыз бен әкесі түсіп қалған. Бейнежазбада әкесі қалтасына қолын сұғып, бір зат іздеген, кейін қызының қалтасын да тексерген. Іздеген затын таппаған әкесі қызын алдымен қолымен, кейін телефонымен ұрып жіберген. 


"Куәгерлердің айтуынша, әкесі мас болған", – деп жазды Павлодар балалар омбудсмені Сәуле Шәкенева Instagram парақшасында.

Көршілер полицияға телефон соққан, бірақ «құқық бұзушыға қатысты әкімшілік немесе қылмыстық шара қолданбағандықтан» олар бала құқықтары жөніндегі уәкілге жүгінді. Сәуле Шәкенева прокуратурадан қызметтік тексеру жүргізуді сұраған.

Ал облыстық полиция департаменті куәгердің арызы Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлады.

"Қоңырауды өңдеу кезінде білім бөлімінің және бала оқитын мектептің қызметкерлері дереу көрсетілген мекенжайға шақырылды. Істі қарау барысында заңды өкіл – анасы күйеуіне қарсы мәлімдеме жасаудан бас тартты. Әкесі мас болмаған", - деді департаментте. 

Ер адамға кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларды күтіп-бағу және асырау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: