Павлодар облысында шағын автобус скутер тізгіндеген баланы қағып кетті
Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында шағын автобус скутер тізгіндеген баланы қағып кетті. Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 тамызда Тереңкөл ауылында Байтұрсынов-Базар көшелерінің қиылысында УАЗ автомашинасының жүргізушісі кәмелетке толмаған бала жүргізіп келе жатқан электр скутерімен соқтығысқан, деп жазды pavlodarnews.kz.
"Жол апаты салдарынан түрлі жарақаты бар кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады департамент.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript