Тоқаев Пәкістан премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2024 20:06 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифті Пәкістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті Пәкістанның өз мемлекеттілігін нығайту және өркениетті қоғам құру ісінде елеулі табысқа жеткенін атап өтті.

Мемлекет басшысы еліміздің Пәкістанмен арадағы екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.

Президент премьер-министр Шахбаз Шарифтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Пәкістан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: