Қарағандыда тұрғындарға 39 млн теңге шығын келтірген әккі алаяқ ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2024 16:38 Сурет: Zakon.kz
Қарағандыда пәтерге күрделі жөндеу жүргіземіз деп елді алдап, 39 миллионнан астам шығын келтірген алаяқ ұсталды.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 39 жастағы азаматшаны ұстады.

Қала тұрғыны өзін фирма өкілі ретінде таныстырып, әлеуметтік желіге пәтерлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп хабарлама берген.

Олар өздерінің жұмысын арзан бағаға қойған. Аталған ақпарат жөндеу жасамақшы болған бірқатар қала тұрғындарының назарын аударған.

Алайда, тұрғындар жарнама берушінің жөндеу жасау үшін алдын ала ақы төлеу керек екеніне еш күдіктенбеген.

Бір тұрғын оған алдын ала 3 миллион теңге ақша аударса, екінші жағдайда қала тұрғыны 1 миллион 500 мың алдын ала ақша жіберген.

Жәбірленушілер жарнама берушінің есеп-шотына бірнеше мыңдап қаражат аударған. Ақшаны алып алған алаяқ олармен байланысын үзіп, із-түссіз жоғалған.

Полиция қызметкерлері әккі алаяқты қолға түсіріп, оның осыған ұқсас 27 қылмысқа қатыстылығын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 39 миллион 400 мың теңгені құрады. Қазіргі уақытта қылмыстық іске нүкте қойылып, іс сотқа жолданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: