Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысында мердігер газ құбырын салу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған

Маңғыстау облысында мердігер газ құбырын салу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2024 19:55 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы жүргізілген талдау аясында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметінде заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен "Арай НС" ЖШС арасында Бейнеу ауылында газ құбырын тарту бойынша мемлекеттік сатып алу шарты жасалды.

Алайда мердігер өз міндеттемелерін шартта белгіленген мерзімде орындамаған.

Прокурордың талап арызы бойынша Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Арай-НС" ЖШС мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танып, мемлекет пайдасына 11 млн теңгеден астам тұрақсыздық айыбы өндірілді.

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: