Жаңалықтар тізбегі
0

Жалпыға бірдей декларациялау: Алматы МКД төртінші арнайы үндеуін жолдады

Аудит, расчет, калькулятор, аудитор, юридическая проверка, графики, экономика, предпринимательство, бизнес, инвестиционные контракты, договоры, инвестиции, инвестирование, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2024 10:14 Фото: freepik
Алматы қалалық МКД "Параграф" ақпараттық жүйесімен бірлесіп, жалпыға бірдей декларациялау мәселесі бойынша көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы МКД өкілі Айжан Бекеева салық органдары Қазақстан азаматтарының шетелдік кірістері туралы қайдан білетіндігін егжей-тегжейлі айтып берді.

Оның айтуынша, 2021 жылдан бастап ҚР Қаржы министрлігі шетелдік банктердегі азаматтардың табыстары туралы ақпарат алады.

"Деректер жыл сайын Ұлыбритания, Түркия және Франция сияқты 80-нен астам елден келеді. Мәліметтер азаматтардың жеке табыс салығы бойынша, салық міндеттемелерін айқындау үшін пайдаланылады". Айжан Бекеева

Бәріне белгілі, бүгінгі күні елімізде ғана емес әлем бойынша ақпараттық қауіпсіздік мәселесі назарға алынып отыр. Осы орайда, ведомство декларациядағы дерекдердің тарап кетпеуіне қандай кепілдіктер бар екендігін айтты.

"Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері интернетке шықпай-ақ жабық жерде жұмыс істейді. Бұл салық төлеушілерден алынған барлық мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік техникалық қызмет тоқсан сайын Мемлекеттік кірістер комитеті жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі бойынша мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар, декларацияға шектеулі қызметкерлердің тобы қол жеткізе алады. Олар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қоса алғанда деректердің тарап кетпеуіне дербес жауап береді",- деп нақтылады ресми өкіл.

Жеке тұлғалар үшін қандай әкімшілік жауапкершілік қарастырылған?

Бекееваның айтуынша, бұл ретте салық органдары бірден айыппұл салмайды.

"Бірінші бұзушылық үшін әрдайым ескерту жасалады, тек қайталанған бұзушылық үшін айыппұл қолданылады. Осылайша, декларацияны ұсынбағаны үшін алғаш рет ескерту жасалады. Ал, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 15 АЕК айыппұл салынады. Толық емес немесе жалған мәліметтерді ұсынғаны үшін алдымен ескерту беріледі, ал қайталап бұзған жағдайда 3 АЕК айыппұл салынады. Жыл ішінде бірінші рет салық обьектілерін жасырғаны үшін төленбеген салық сомасының 200% мөлшерінде айыппұл, қайталап бұзған жағдайда 300%-дық айыппұл салынады".Айжан Бекеева

Еске сала кетейік, жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңмен жүзеге асады:

  • 1 кезең - 2021 жылы басталды. Оған мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары кірді.
  • 2 кезең - 2023 жылы басталды. Оған білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және квазимемлекеттік сектордағы мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ олдардың жұбайлары кірді.
  • 3 кезең - 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталды. Яғни қазіргі уақытта декларацияны жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары мен қатысушылары және олардың жұбайлары тапсыруда.
  • 4 кезең - 2025 жылы басталады. Барлық жеке тұлғаларды, демек ҚР барлық 18 жастан асқан азаматтарын, сондай-ақ шетелдік активтері бар кәмелетке толмаған тұлғаларды қамтиды.

Бұған дейін департамент азаматтарға жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аударымдар мәселелері бойынша мәлімет берген болатын. Сондай-ақ, 250.00 нысанында қандай кезеңді көрсету керек екендігі туралы да айтылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: