Жаңалықтар тізбегі
0

"Өңірлік кадрлық резервке" іріктеудің құрылымдық сұхбат кезеңі аяқталды

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ұйымдастырылған Өңірлік кадр резервінің «Құрылымдық сұхбат» кезеңі аяқталды., сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2024 12:46 Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ұйымдастырылған Өңірлік кадр резервінің "Құрылымдық сұхбат" кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған резервтің мақсаты – өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарта отырып, өңірде жаңашыл ойлайтын көшбасшылар мен жас басқарушылардың тобын қалыптастыру болып табылады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп өткізілген іс-шараға облыс әкімі, комиссия төрағасы Серік Шәпкенов қатысып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ұйымдастырылған Өңірлік кадр резервінің , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2024 12:46

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сұхбатқа қатысқан үміткерлер өздері таңдаған салалық бағыттары бойынша, атап айтқанда экономика және қаржы, индустрия және өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, әлеуметтік салалар бағытында жоба қорғап, комиссия мүшелері тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.


Айта кету қажет, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастау алған іріктеуге Атырау облысынан 497 адам өтініш білдіріп, бұдан әрі іріктеу кезеңдеріне жіберілген болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ұйымдастырылған Өңірлік кадр резервінің , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2024 12:46

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өз кезегінде, Ассессорлармен "Құзыреттерді бағалау" кезеңінен 38 үміткер оң нәтиже көрсетіп, сұхбат кезеңіне жіберілген.


Аталған іріктеу сатысы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында өткізілді.


Сондай-ақ, іріктеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында кандидаттармен сұхбаттасу кезеңінде қоғамдық ұйымдардың өкілдері, әр түрлі салалар бойынша сарапшылар қатысты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: