Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында Өңірлік кадр резерві жобасының "Құрылымдық сұқбат" кезеңі өтті

Жиналыс, Жамбыл облысы, өңірлік кадр резерві, іріктеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2024 19:18 Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен Өңірлік кадр резервінің "Құрылымдық сұқбат" кезеңінің комиссия отырысы өтті. Жоба аясында үміткерлер таңдаған салалық бағыттарына сәйкес жобаларын қорғап, комиссия мүшелерінің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссия құрамында мәслихат төрағасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің өкілдері, басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері болды, сондай-ақ сарапшылар тартылды.

Өңірлік кадр резерві – жас басшылар пулын қалыптастыруды көздейді. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап үміткерлердің құжаттары қабылданды.

Комиссия отырысы, Жамбыл облысы, өңірлік кадр резерві, Құрылымдық сұқбат  , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2024 19:18

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Бірнеше кезеңнен тұратын іріктеу ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаментімен бірлесіп жүргізілді. Жалпы Өңірлік кадр резервіне 478 жамбылдық өтініш берген, оның 39-ы жобаның соңғы "Құрылымдық сұхбат" кезеңіне жолдама алды. Үміткерлердің 14-і әлеуметтік, 10-ы индустрия және өнеркәсіп, 7-і экономика және қаржы, 3-і цифрландыру, 2-і агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, 2-і тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, 1-і экология саласын таңдаған".Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Комиссия отырысы, Жамбыл облысы, өңірлік кадр резерві, Құрылымдық сұқбат  , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2024 19:18

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Комиссия отырысында кандидаттар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына негізделген жобаларды қорғағаны да нақтыланады. Атап айтқанда, олар инвестициялық әлеуетті арттыру, денсаулық сақтау саласын жаңғырту, ауыл шаруашылығын түлету тетіктері мен өзге де бағыттарды ұсынды. Бұдан бөлек, жасанды интеллектіні өндіріске енгізу, NEET санатындағы жастардың санын азайту, азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты бастамаларын көтеріп, ойларын ортаға салды.

Өңірлік кадр резерві жобасы, Жамбыл облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2024 19:18

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Өңірлік кадр резервіне алынған жалынды жастар өзгерістердің қозғаушы күші, мықты тірегіне айналып, мемлекетеміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосады деген сенімдеміз". Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев

Айта кетейік, Өңірлік кадр резервіне 25 кандидат жолдама алады. Олар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жұмысқа орналасатын болады.

Өңірлік кадр резерві жобасы, Жамбыл облысы, Құрылымдық сұқбат кезеңі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2024 19:18

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: