Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2024 16:10 Сурет: akorda.kz
Президентке Kaspi.kz компаниясы қызметінің нәтижелері мен шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жаңа сервис құру жоспары жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысына ұсынылған ақпаратқа сәйкес, бүгінде 700 мыңға жуық отандық кәсіпкер өз бизнесін Kaspi.kz технологияларының көмегімен дамытып жатыр.

Биылғы бірінші жартыжылдықтың өзінде тауарлар мен қызметтер үшін 12 триллион теңге көлемінде қолма-қол ақшасыз төлем жасалып, 150 мың жеке кәсіпкер тіркелген.

Мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленген онлайн-сервистердің көмегімен қазақстандықтар салықтарды мерзімінде төлеу мүмкіндігіне ие болды. 2024 жылдың 6 айында аталған қызметтер арқылы бюджетке 1,1 триллион теңгеден астам салықтар мен басқа да төлемдер түскен.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті өркендетудің маңызды екенін атап өтіп, Kaspi.kz акционерлеріне қолдау білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: