Рахмон Тоқаевты "Қасри Миллат" сарайында қалай қарсы алды
Сурет: akorda.kz
2024 жылғы 22 тамызда Душанбеге мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты Касри Миллат сарайында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми шара кезінде Мемлекет басшысының құрметіне зеңбіректен 21 рет оқ атылды. Мұнан соң Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Тәжікстанның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Ақ залға өтіп, шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Сапар барысында шағын құрамда және екі елдің үкіметтік делегацияларының құрамында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript