Көшпенділер ойындарына 40 сәйгүлік қатысады

Коневодство, кони, лошадь, лошади, табун лошадей, сельское хозяйство , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2024 16:47 Сурет: primeminister.kz
Көшпенділер ойындарында дәстүрлі бәйгеден еліміздің атынан 40 тұлпар қатысады. Іріктеу кезеңінің нәтижесінде 24 тұлпар таңдап алынды.

Ал қалған жүйріктер осыған дейінгі көрсеткіштері арқылы жолдамаға ие болған.

Маңғыстаулық атбегі Әлеке Досқуатұлының баптауындағы Ғасыр – дүбірлі додаға жолдама алғандардың бірі. Ол Павлодарда өткен іріктеуде алдына қара салмай, бәйгенің жеңімпазы атанды. Енді бапкер осы нәтижені байрақты бәсекеде қайталауға ден қойып отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Айтулы бәсекеде құнан бәйге 11, аламан бәйге 25, топ бәйге 18 шақырымға созылады. Ал жорға жарыс 9 шақырымда жарысады. Қазір қазақ атбегілер ғана емес, көрші елдер де дәстүрлі бәйгеге тыңғылықты дайындалып жатыр. Айта кетейік, шетелдік командалар бәйгенің әр түріне тек 3 тұлпардан қоса алады.

Әлем көз тіккен байрақты бәсекеде ұшқыр бәйгенің 3, ал дәстүрлі бәйгенің 4 түрі болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: