Түркістанда іс жүзінде жұмыс істемейтін адамдарға 130 млн теңге "жалақы" төленген

Түркістанда іс жүзінде жұмыс істемейтін адамдарға 130 млн теңге "жалақы" төленген, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2024 17:22 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржылық мониторинг агенттігі облыс прокуратурасының үйлестіруімен Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салу деректеріне қатысты бірнеше қылмыстарды әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ-нің қызметкерлерімен мемлекетке 130 млн теңгеден астам залал келтірілген.

"Еңбек мобильділігі орталығы" КММ-нің жауапты тұлғалары "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы" аясында субсидияланған жұмыс орындарына қатысушы тұлғалардың жалақыларын төлеу барысында, бірқатар кәсіпорын басшыларымен адамдар тобы болып сөз байласып, мекемелерде іс-жүзінде жұмыс жасамайтын 132 азаматтың жеке деректерін "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіп, оларға аударылған айлық жалақыларын иемденіп отырған.

Тергеу жалғасып жатыр.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: