"Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасының" бас есепшісі 129 млн теңгені қалтасына басқан

Доллары, деньги, коррупция, взятка, взятки, деньги в конверте, конверт с деньгами, коррумпированность, коррупционер, коррупционные схемы, взяточничество , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2025 12:19 Фото: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен "Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасы" ШЖҚ МКК-ның лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

2025 жылдың 11 шілдесінде ҚМА баспасөз қымтеінің берген ақпаратына сай, аурухананың бас есепшісі медициналық кереуеттердің сатып алу бағасын үш есеге көтеру арқылы мемлекет қаржысын жымқырған.

Жоғары бағаны көздеген күдікті, жұбайы дайындаған жалған баға ұсыныстарын қолданаған.

Өткізілген тендердің нәтижесінде ЖШС мен аурухана арасында жалпы құны 259 млн теңгеге 220 медициналық кереует сатып алуға шарт жасалған.

Бір кереуеттің бағасы 1,2 миллион теңге деп көрсетілген. Бірақ шын мәнінде оның нақты сатып алу бағасы 460 мың теңгеден аспаған, яғни көрсетілген бағадан үш есе арзан болған. ҚМА баспасөз қызметі

Осылайша, негізсіз қосылған шығын көлемі 129 млн теңгені құрады.

Тергеу барысында күдіктілердің 111 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды.

Мемлекетке келтірілген 129 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өтелді.

Бас есепші 2 ай мерзімге қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: