Жаңалықтар тізбегі
0

Ақ жейде, көк шалбар: Ата-аналар мектеп формасын кию қажеттілігі туралы әлі күнге дауласуда

Школьники, ученики, школьная форма, школа, школьная одежда, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2024 19:40 Фото: Zakon.kz
Жыл сайынғы шалбар мен белдемше сатып алу рәсімі кейбір ата-аналардың қалтасын қағып түсірері айдан анық. Олардың ішінде қос қолдап сол баяғы "өлмейтін классиканы" қолдайтындар баршылық, ал енді бірлері бұл дәстүрге түбегейлі қарсы. Zakon.kz тілшісі екі жақтың да себептерін саралап көрді.

Сол баяғы киім үлгісі

Білім министрлігі орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар күшінде қалатындығын нақтылады.

Яғни, ұлдар үшін бұл пиджак, жилет, шалбар, жейде, тоқылған кофта, кардиган, қыста водолазка.

Қыздар үшін де — ұқсас, бірақ қосымша белдемше мен блузка бар.

Айтпақшы, белдемше ұзындығын орта білім беру ұйымы мен кеңес анықтайды, жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.

Шалбар екі жағдайда да тобықты жабуы керек.

Киім түстері негізінен ашық болмау керек. Көбіне-көп "астыңғы киімі қара көк түсті, үстіңгі жаққа ақ түс" ұсынылады.

Дәл осы тұста ата-аналардың пікірі екіге жарылады. Бірінші топ, оқушы киімі керсінше ашық түстерден тұруы керек, бұл оның шығармашылық қабілетін арттырады және көңіл күйінің жақсы болуына әсер етеді деп санайды. Келесі бір ата-аналар тобы болса керсінше, министрліктің қағидатын қолдайды. "Балалар мектепке білім алу үшін барады, сән көрсетілімі үшін емес",- дейді. Сондай-ақ, олар оқушыларға нақты бекітілген киім үлгісі "әлеуметтік теңсіздікті" жасырады деп санайды.

Олармен жұмыс істейтін мамандар не дейді?

Плюс, минус, тең

Клиникалық психолог Анастасия Абрамкинаның айтуынша, киім тәртібі жас айырмашылығына қарай өзгеріп отыру керек.

Сондай-ақ, ол мектеп формасының бірдей болуы бұрынғыдай "әлеуметтік теңсіздікті" жасырып тұрмайтынын айтты. Оның айтуынша қазіргі балалар, бұрынғы балаларға қарағанда ерте жастан ненің арзан, ненің қымбат екенін біліп тұрады.

"Қазір кадрлар тәрбиенің ерекшелігіне қарай жылжуда. Балалар балабақшадан бастап ата-аналардың қаржылық мүмкіндіктеріне фанатизммен қарайтын жағдайлар бар. Ал жыныстық жетілу басталғанда жасөспірімдер өздерінің ашуы мен агрессиясын көрсете бастайды. Дәл осы кезде, құрдастарын теңсіздік тұрғысынан кемсітеді. Тек форма оған ешқандай әсер етпейді: олардың тілі, өз стандарттары бар", – дейді ол.

Оның айтуынша, бүгінде киімнен басқа, "понтқа" арналған өзге заттар – гаджеттер, косметика және басқалар осы сәтте рөл ойнайды

"Менің жеке пікірім: көк және ақ форма шынымен де кеңес дәуірінен қалған. Ережелер, әрине, болуы керек. Шорт пен қысқа белдемше, жыртылған заттар, "спорт" үлгісін киюге болмайды делік. Бұл шектеулерді білім беру мекемесінің барлық мүшелеріне, яғни мұғалімдерге, әкімшілікке қолдану қажет", — деп қорытындылады Абрамкина

Айта кетейік, 1 қыркүйектен бастап студенттердің, магистранттардың және докторанттардың стипендиясы өседі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: