Алматыда жанармай құю бекетінде көлік өртенді

Алматылық құтқарушылар жанармай құю бекетіндегі өртті сөндірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2024 19:58 Сурет: видео скрині
Бүгін, 22 тамызда Алатау ауданында жанармай құю бекеттерінің бірінде жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖД қызметкерлері жеткен сәтте өрт жанар-жағармай цистернасы мен сорғы қондырғысына ауысқаны анықталды.

Қатты жарылыс қаупі төнген.

Аға өрт сөндіруші-құтқарушы Эльдар Молдабаев отпен қамтылған ЖЖМ газ тарату колонкасының крандарын жабу арқылы жарылыстың алдын алды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: