Еркін күрес шеберлері әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Еркін күрес шеберлері әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2024 20:12 Сурет: olympic.kz
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі шарықтау шегіне жақын. Бүгін еркін күрес шеберлері жарысты бастады, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

65 келі салмақта Бақдәулет Әкімжан жартылай финалға өтті. Ол финал жолдамасы үшін таласта қырғызстандық Рустамжан Қахаровпен кездеседі. 

110 келі салмақта Едіге Қасымбек те жартылай финалға жолдама алды. Оның қарсыласы - ирандық Аболфазл Мохаммад Нежат. 

Айта кетелік, әзірге Қазақстан қоржынында 4 жүлде бар. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: