Грек-рим күресінен екі балуанымыз әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Грек-рим күресінен екі балуанымыз әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2024 22:56 Сурет: olympic.kz
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына екі күміс медаль түсті, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Грек-рим күресінен 51 келіде финалға шыққан Алпамыс Болатұлы ақтық сында америкалық Джэйден Рэйниден 5:7 есебімен ұтылып, күміс медаль иеленді. 

Сондай-ақ 80 келіде белдескен Еркебұлан Анапия финалда нейтралды спортшы Михаил Шкаринге 0:3 есебімен жол берді. Еркебұлан да әлем біріншілігінің күмісін иеленіп отыр.

Ал 48 келіде қола медальға таласқан Едіге Төлеутаев 1:3 есебімен әзербайжандық Амрах Амраховтан ұтылды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: